«Қайрат» клубының бұрынғы футболшысы 12 жылға сотталуы мүмкін

Бүгін, 11:54

Оған 2024 жылдың қыркүйегінде өткен жолдастық матчқа қатысқаны үшін айып тағылып отыр

«Қайрат» клубының бұрынғы футболшысы 12 жылға сотталуы мүмкін
ФК Зенит

Киев қалалық прокуратурасы Украина құрамасының бұрынғы капитаны және «Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы Анатолий Тимощукке қатысты Украина Қылмыстық кодексінің 111-2-бабы бойынша (агрессор мемлекетке жәрдемдесу) қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Оған 2024 жылдың қыркүйегінде өткен жолдастық матчқа қатысқаны үшін айып тағылып отыр. Украина Бас прокуратурасының мәліметінше, бұл матчтың мақсаты Ресейдің әскери бөлімшелеріне қолдау көрсету үшін қаржы жинау болған.

8 қыркүйекте өткен ойында «Зенит» пен Алматының «Қайрат» клубы кездесті. Ал алаңға футболшылар Ленинград қоршауы құрбандарын еске алу күніне арналған естелік лентасының түстерімен безендірілген жейделермен шықты.

Ойыннан кейін футболшылардың қолтаңбасы қойылған бұл жейделер аукцион арқылы сатылып, түскен қаржы Курск облысындағы зардап шеккендерге жіберілген. Соның ішінде Тимощуктың жейдесі 700 мың рубльге сатылған.

Аталған іске байланысты тергеуді Украина Қауіпсіздік қызметі (СБУ) жүргізуде. Бұл бап бойынша Тимощук 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам