Берік Уәли Ұранхаев айтқаннан екі есе үлкен стадион салмақ

18.05.2025, 15:27

Облыс басшысы бұрынғы стадион жобасы қайта қаралғанын айтты

Берік Уәли Ұранхаев айтқаннан екі есе үлкен стадион салмақ
gov.kz

Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы жылдарға арналған даму жоспарын жұртшылыққа таныстырып, соның ішінде жаңа футбол стадионының құрылысы туралы жақсы жаңалығын жеткізді.

Облыс басшысы бұрынғы стадион жобасы қайта қаралып, аренаның сыйымдылығы ұлғайтылғаны айтылды.

Бұған дейін стадионды қаланың сол жағалауындағы «Пищевик» стадионы орналасқан жерге салу жоспарланған еді, дегенмен қазір оның орны өзгерген.

«Қаланың ортасында орын жоқ, оның үстіне кептеліс болады. Бұған дейін 12 мың орынға есептелген жоба қайта қаралып, енді жаңа шағын ауданда 20-22 мың орындық нысан салу туралы келістік», – деді Уәли.

Ал құрылыс жұмыстары толықтай KazMinerals компаниясының демеушілігімен жүзеге асады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам