Стадион 1969 жылы салынған
Шымкент қаласындағы «Қажымұқан» атындағы орталық стадионынның жай-күйімен әкім танысып, нысанды күрделі жөндеуден өткізу бойынша тиісті мамандардың пікірлесті. Алда саралау бойынша жөндеу жұмыстарының тиімділігі қарастырылса, нақты шешім қабылдануы мүмкін. Алдағы уақытта жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілмек.
Мегаполистегі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков арена күрделі жөндеуді қажет ететінін атады. Егер жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның тиімділігі артатын көрінеді. Мұнда жеңіл атлетикадан ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Сондай-ақ, мұндай стандартты жолақ елімізде екі қалада ғана бар.
Аталған стадион 1969 жылы салынған. 2008 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 2018 жылы қайта жаңғыртылып, жарықтандырушы бағаналар орнатылған. Футбол алаңының жабыны табиғи, өлшемі – 65x105 метр, сыйымдылығы – 18 000 адамға есептелген. Аренада 700 орын көлік тұрағы, 100-ге жуық қонақ үй бөлмесі және спортшыларға арналған киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелері бар.
Стадионда электронды табло, 8 жүгіру жолағы және 4 қуатты жарық түсіретін мұнарасы, бокс, күрес, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, кикбоксинг, дзюдо, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика және семсерлесуден спорт мектептері орналасқан.