![Қуат Хамитов «Тобыл» клубының басшысымен бәстесті](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/01/13/65a21352e5180520160411.jpeg)
Егер жеңсе оған қара автокөлік сыйға тартылады
«Тобыл» футбол клубы биыл ел чемпионы атанса MMA шебері Қуат Хамитов өз жекпе-жектеріне аталған команданың жейдесін киіп шығады. Клубтың басшысы Әлімжан Қалдияровпен бәстескен белгілі файтер осылай уәде етті.
Хамитов Instagram желісінде Қалдияровқа: «Егер сенің командаң 2024 жылы ел чемпионы болса, онда қара автокөлігің менікі» деп жазған. «Тобыл» басшысы болса өз талабын қойды: «Ал, егер чемпиондықты алсақ сен «Тобылдың» жейдесінде жаттығу жасап, барлық жекпе-жегіңе сол жейдені киіп шығасың» деген.
Осылайша Хамитов пен Қалдияров ел алдынба бәстесті. Қазақ футболшыларын сынаудан жалықпайтын Қуат енді жыл соңында қап-қара автокөліктің иесі болуы мүмкін.