Дастан Сәтпаев ұлттық құраманың алдағы ойынына қатыспайды

01.06.2025, 13:05

Оның орнына Дастан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына көмектеседі

Дастан Сәтпаев ұлттық құраманың алдағы ойынына қатыспайды
ҚФФ

Дастан Сәтпаев 5 маусым күні Беларуське қарсы өтетін жолдастық кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында алаңға шықпайды. Оның орнына дәл осы күні Дастан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына көмектеседі.

Олар “Астана Аренада” Еуро-2027 іріктеуінің алғашқы турында Андорра жастарын қабылдайды.

Жастар құрамасы:

Қақпашылар:
Санжар Ерниязов (“Атырау”),
Дулат Талыспаев (“Кёге”, Дания),
Мирас Рихард (“Ертіс”)

Қорғаушылар:
Сұлтан Асқаров, Рамазан Каримов (екеуі де – “Жетісу”),
Санжар Анчаров (“Астана”),
Александр Мигунов, Эльхан Саидов (екеуі де – “Шахтер”),
Әли Тұрғанов (“Оңтүстік Академиясы”),
Александр Мрынский (“Қайрат”),
Әлихан Серікбай (“Каспий”)
Жартылай қорғаушылар:
Әбинұр Нұрымбет (“Тұран”),
Вячеслав Раскатов (“Ертіс”),
Дархан Бердібек (“Ақтөбе”),
Мирас Көбеев (“Ислочь”, Беларусь),
Олжас Байбек, Рамазан Бағдат (екеуі де – “Қайрат”),
Нұралы Жақсылық (“Астана”),
Мұхаммед Еңсебаев (“Сеута Б”, Испания),
Давид Есімбеков (“Жетісу”),
Хамза Мұхаметәли (AKAS)

Шабуылшылар:
Глеб Валгушев (“Қызылжар”),
Ян Труфанов (“Атырау”),
Мағжан Тоқтыбай (“Оңтүстік Академиясы”),
Артем Литош (“Хан-Тәңірі”),
Дастан Сәтпаев (“Қайрат”)

Сәтпаев 9 маусым күні әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Солтүстік Македонияға қарсы кездесуде ұлттық құрама сапына қайта оралады.

16 жастағы Сәтпаев осы уақытқа дейін екі құраманың намысын қорғаған:
– 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында капитан болып, 10 матчта 4 гол соққан;
– ұлттық құрама сапында 2 матч өткізіп, Қазақстан футбол тарихында ең жас ойыншы атанды.

Осы маусымда “Қайрат” сапында 15 матчта 9 гол соғып, чемпионаттың үздік сұрмергені атанып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам