Нұрәлі Әліптің алғашқы бапкері 7 жылға сотталды

Telegram WhatsApp

«Каспий» клубының бірнеше бұрынғы қызметкері қылмыстық жауапқа тартылды

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Ақтауда «Каспий» футбол клубының бұрынғы директоры Ержан Жамбыровқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Клубтың бірнеше бұрынғы қызметкері қылмыстық жауапқа тартылды. Олардың ішінде басты айыпталушы – Ержан Жамбыров, ол бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылды.

Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылдың қаңтарынан сәуір айына дейін «Каспий» клубының есепшотынан заңсыз түрде 20 279 100 теңге шешілген. Бұл қаражат клубтың бас менеджері Данияр Боранбаевтың жеке шотына тиісті құжаттарсыз аударылған. Тергеу дерегі бойынша, бұл соманың 11 900 000 теңгесін Жамбыров, ал 8 379 100 теңгесін Боранбаев иемденген.

Сондай-ақ тергеу барысында Жамбыров бұл әрекетті Сәкен Смағұл, Асқын Қауымбаев және Мейрам Оразұлы есімді үш адаммен алдын ала сөз байласып жасағаны анықталды. Олар бұл жоспарын жүзеге асыру үшін жалған келісімшарттар жасап, қызмет көрсетуші ретінде жалған компания тартылған. Кейінірек Данияр Боранбаев қылмыстық іске қатысушы ғана емес, зардап шеккен тұлға ретінде де танылды.

Сот шешімімен Жамбыровтың үш серіктесіне 4 жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, ал Ержан Жамбыров 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейді.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 8 044 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 304 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 93 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 522 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 297 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 832 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›