Қазақстандық футболшының отбасында қайғылы жағдай болып, құрамадан кетті

04.06.2025, 14:25

5 маусым күні Қазақстан Беларусьпен жолдастық матч өткізеді

Қазақстандық футболшының отбасында қайғылы жағдай болып, құрамадан кетті
Getty Images

Қостанайдың «Тобыл» және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Роман Асранкулов Беларусьпен жолдастық матч қарсаңында ұлттық құрамадан кетті.

Бұл туралы баспасөз мәжілісінде Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев айтты.

«Бүгін Минскіге ұшамыз. Құрамада біраз кадрлық мәселе бар. Роман Асранқұловтың отбасында қайғылы жағдай болып, Минскке ұша алмайтын болды.  Ол маған бұл туралы таңертең хабарлап, рұқсат сұрады. Өкінішке қарай, өмірде осындай жағдайлар болып тұрады. Біз бірлігімізді көрсетіп, ойыншымызға қолдау көрсетуіміз керек», - дейді бас бапкер.

Еске сала кетейік, 5 маусым күні Қазақстан құрамасы Борисов қаласында Беларусьпен жолдастық матч өткізеді.

Ал 9 маусымда Әли Әлиевтің шәкірттері 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македония құрамасын қабылдайды. Ойын «Астана Арена» стадионында Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам