«Реал» «Барселонаны» ойсырата жеңіп, Испания суперкубогін 13-рет иеленді

15.01.2024, 07:32

Ал, Карло Анчелотти «Реалмен» бірге 11-ші трофейін жеңіп алды

«Реал» «Барселонаны» ойсырата жеңіп, Испания суперкубогін 13-рет иеленді
Чемпионат.ру

Испания суперкубогінің финалдық кездесуінде мадридтік «Реал» мен «Барселона» кездесіп, корольдік клуб 4:1 есебімен ойсырата жеңді.

Матч Эр-Риядтағы «Әл-Аввал Парк» стадионында өтті.

«Реал» сапынан Винисиус хет-трикпен көзге түссе (7, 10 және 39-минутта), Родриго 64-минутта төртінші голды соқты.

Ал, каталондықтар есебіндегі жалғыз гол шабуылшы Роберт Левандовскийдің еншісіне жазылды (33-минут).

Матчтың 71-минутында «Барселона» қорғаушысы Рональд Араухо екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Бұл мадридтік «Реалдың» 13-ші суперкубогі. «Барселона» бұл трофейді 14 рет жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?