Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Андрей Канчельскис «Тобылдың» үстінен ФИФА мен УЕФА-ға арыз түсірді

15.01.2024, 07:52

Ол түбінде ақиқатқа жетемін деп отыр

Андрей Канчельскис «Тобылдың» үстінен ФИФА мен УЕФА-ға арыз түсірді
Чемпионат.ру

Қостанайлық «Тобылдың» бұрынғы бас директоры, ресейлік маман Андрей Канчельскис қазақстандық клуб басшыларының үстінен ФИФА мен УЕФА-ға арыз түсірді деп жазады Vesti.kz.

Есте болса, бұған дейін «қызметтен жөнсіз қуылдым» деген Канчельскис «Тобыл» қожайынжарын алаяқ деп айыптаған болатын.

«Мен “Тобылда” ойына келгенін істегендердің үстінен өткен жылдың соңында ФИФА мен УЕФА-ға шағым түсірдім. Нақты кімнің екенін айтпай-ақ қояйын, бастысы процесс басталып кетті.

ФИФА-ға жазылған хат ұзақ қаралатынын білем, бірақ уақыт өткен соң нақты шешім қабылданады. Сол кезде бәрі ақиқатты білетін болады», - деді Канчельскис.

«Тобылдан» ол шумен кеткен болатын. Айтуынша, клуб қожайындары маманмен келісімшартты еш ескертусіз бұзған. Қазір Канчельскис Қырғызстанның «Мурас Юнайтед» клубында жұмыс істеп жатыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам