Футбол академиясы 120–150 жас футболшыны қабылдамақ
Талғар қаласында әлемге әйгілі Atletico de Madrid клубының футбол академиясын ашуға дайындық жүріп жатыр. Бұл жоба Мадрид маңындағы Алькала-де-Энарестегі жаттығу орталығының үлгісі бойынша жүзеге асырылмақ. Испандық кешенге табиғи газон төселген стадион, бес жасанды алаң және мыңнан астам балаға арналған спорттық инфрақұрылым кіреді.
Академия 2025 жылы 120–150 жас футболшыны іріктеп алуды жоспарлап отыр. Оның жартысы оқуға тегін негізде қабылданады, қалған орындар ақылы болады. Оқыту құны шілде айында жарияланады.
Іріктеу кестесі:
Астана: 10–11 мамыр
Ақтау: 31 мамыр – 1 маусым
Шымкент: 17–18 маусым
Ташкент: 21–22 маусым
Алматы: 28–29 маусым
Іріктеуге қатысу үшін atleticomadrid.kz сайтында тіркелу қажет.