
2024/25 маусымында «Барселона» Испаниядағы үш ұлттық трофейді жеңіп алды
УЕФА «Барселона» клубына телетрансляциялық құқықтар мен басқа да активтерді сату операцияларына байланысты салынған 60 миллион еуроның орнына 15 миллион еуро көлемінде айыппұл салды. Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, бұл шешім УЕФА мен Ла Лига арасындағы табыс есебіндегі айырмашылықтар аясында қабылданған.
Айыппұл көлемін азайту туралы шешім каталониялық клуб президенті Жоан Лапорта мен УЕФА басшысы Александер Чеферин арасындағы келіссөздерден кейін қабылданғаны атап өтілді.
«Барселона» қаржылық фэйр-плей ережелерін қатаң сақтауға уәде берді. Егер клуб бұл талаптарды бұзса, толық көлемдегі бастапқы айыппұл қайта күшіне енеді. Клуб басшылығы бұл айыппұл бюджетке әсер етпейді деп үміттеніп отыр. УЕФА-мен келіссөздер аяқталуға жақын, айыппұл шарттары жақын арада нақты бекітіледі деп күтілуде.
2024/25 маусымында «Барселона» Испаниядағы үш ұлттық трофейді жеңіп алды. Олар: ел чемпионаты, Кубок және Суперкубок.