Абиба Әбужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

13.06.2025, 21:31

Бұған дейін қазақстандық балуан қыз екі әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған

Абиба Әбужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
olympic.kz

Дзюдодан Венгрия астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 келіде өнер көрсеткен қазақ қызы Абиба Әбужақынова финалда сүрініп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Қазақстандық балуан ел тарихында алғаш болып әлем чемпионатының финалына шыққан болатын. Ақтық сында ол Италия өкілі Асунта Скуттомен кездесіп, белдесу аяқталуға 14 секунд қалғанда иппон әдісімен жеңілді.

Айта кетейік, Абиба Әбужақынова бұған дейін әлем чемпионаттарында екі рет қола жүлде алған. Ал, ел тарихында дзюдодан қыздар арасында әлем чемпионатының финалына бұған дейін ешкім жетпеген еді.

Еске салайық, жартылай финалда отандасымыз испан балуаны Лаура Мартинесті жеңді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам