
Облыс әкімі футболшыларға командадан кету туралы арыз жазуды ұсынған
«Тұран» футбол клубының ойыншылары төрт айдан бері жалақы алмаған.
Бұл жағдай легионерлердің наразылығын тудырған, олар егер жақын арада қарыз өтелмесе, командадан кетіп қаламыз деп отыр.
Мәселе облыс басшылығына да жеткен. Алайда облыс әкімі футболшыларға командадан кету туралы арыз жазуды ұсынған көрінеді.
«Тұран» Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында «Жеңіс» клубына қарсы кездесуге легионерлерсіз шығып, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Команданың турнирлік кестедегі көрсеткіші де көңіл көншітпейді: 11 ұпаймен 10-орында тұр.
Ал жанкүйерлер қоғамдық қаржыландырумен қамтамасыз етілген клубтың қалайша миллиондаған қарызға батқанын түсіне алмай дал.
Сондай-ақ түркістандық клуб маусымның қалған бөлігін тек қазақстандық футболшылармен өткізетін болады.