Өзбекстанды әлем чемпионатына кім бастап барады?

17.06.2025, 16:11

Тимур Кападзе ұлттық құраманың уақытша бас бапкері ретінде жұмыс істеп жатыр

Өзбекстанды әлем чемпионатына кім бастап барады?
Коллаж 1bol.kz

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы жақын арада әлем чемпионатына дайындықты бастайды. Күзде команда бірқатар мықты ұжыммен жолдастық матчтар өткізуді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Тимур Кападзе ұлттық құраманың уақытша бас бапкері ретінде жұмыс істеп жатыр. Футбол қауымдастығы әзірге Кападзенің орнын нақты бекітуге асығар емес. Бұл жағдай БАҚ-та түрлі пікірталастар мен болжамдарға себеп болып отыр.

Кейбір дереккөздер алдағы уақытта Өзбекстан құрамасына әлемлік деңгейде танымал жаттықтырушы келуі мүмкін деп болжайды. Бұған дейін Германия құрамасының бұрынғы бапкері Йоахим Лёвтің есімі де аталған. Алайда бұл нұсқаның жүзеге асуы екіталай. Өйткені Өзбекстан тарапы жаттықтырушыға тым жоғары жалақы төлеуге дайын емес.

Ал Лёв Германия құрамасында жылына 3,8 миллион еуро жалақы алған. Сонымен қатар Лёвтің өзбек ойыншыларымен тіл табыса алатынына да сенім жоқ. Қазіргі құрам ойын мәнері жағынан бұрынғы бас бапкер Сречко Катанец пен оның көмекшілеріне, сондай-ақ Тимур Кападзеге үйреніп қалған.

Футбол сарапшыларының пікірінше, әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасын Кападзе бастап баруы мүмкін. Оның үстіне бас бапкер қызметіне басқа үміткерлердің есімі нақыт аталмайды. Сондай-ақ Сречко Катанецтің бұрынғы көмекшілерінің болашағы да белгісіз күйінде қалып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам