Легионерлерге Израильден кетуге рұқсат берілді

19.06.2025, 00:23

2024/25 жылғы маусымда Израиль чемпионы атағы Тель-Авивтің «Маккаби» клубына бұйырған

Легионерлерге Израильден кетуге рұқсат берілді
EPA/TASS

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) шетелдік футболшыларға Израиль клубтарымен келісімшарттарын уақытша тоқтатуға рұқсат берді.

Яғни, бұл дегеніміз, футболшылар Израиль клубтарын ешқандай қаржылық шығынсыз тастап кете алады, ал клубтар бұған қарсылық көрсете алмайды. Бұған себеп – елде болып жатқан әскери қақтығыс. Израиль әскері Иранға қарулы шабуылдар жасағаннан кейін, Иран кері жауап қайтарып, Тель-Авив пен Хайфаны әуеден атқылауда. Екі тараптан да қаза тапқан бейбіт тұрғындар көп.

Айта кетейік, мұндай шешім бұған дейін Ресей премьер-лигасының легионерлеріне де қолданылған еді. Өйткені, бұл ел де көрші Украинаға соғыс ашқалы бері, жан-жақты санкцияларға ілінді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам