Абат Айымбетов мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін

19.06.2025, 12:47

Абат Айымбетов 2021 жылы да Самара клубында өнер көрсеткен

Абат Айымбетов мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін
ҚФФ

Қазақстан құрамасы мен Түркияның «Адана Демирспор» клубының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Ресей Премьер-лигасындағы «Крылья Советов» (Самара) клубында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы «Крылья над Волгой» телеграм-арнасы жазды.

«Крылья Советов» клубының бас бапкері Магомед Адиев қазіргі таңда Түркияның «Адана Демирспор» командасында ойнап жүрген шабуылшы Абат Айымбетовке қызығушылық танытып отыр. Ол Айымбетовпен Қазақстан құрамасында бірге жұмыс істеген», - деп жазады дереккөз.

Айта кетейік, Абат Айымбетов 2021 жылы да Самара клубында өнер көрсеткен, алайда сол кезде негізгі құрамда тұрақты орныға алған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам