
Олардың ішінде 4 өзбек футболшысы да бар
Түркістанның «Тұран» футболы клубы он екі легионердің саптан кеткенін мәлімдеді.
Командадан төрт белорус - қақпашы Егор Хаткевич, қорғаушы Руслан Юденков және жартылай қорғаушылар Игорь Стасевич пен Василий Совпель кеткен.
Сонымен қатар черногориялық қос ойыншы Йован Пайович пен Горан Милойко «Тұранмен» қош айтысты. Бұған ресейлік екі шабуылшы Костя және Луканы қосыңыз.
Осыдан бірер сәт бұрын клубтағы төрт өзбек футболшысымен де келісімшарт бұзылғаны анықталды. Осылайша, Шохбоз Умаров, Бехрузбек Аскаров, Хуршид Мухторов және Одылбек Абдумажитов командадан кетті.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, келісімшарт екі тараптың келісімімен бұзылған.
«Жігіттерге біздің клубқа қосқан үлесі үшін алғыс айта отырып, алдағы мансабына сәттілік тілейміз!» - деп жазды Түркістан клубының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта «Тұран» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 12-орында тұр. Команда 13 матчта 11 ұпай жинаған.