ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қазақстандық футбол жұлдызы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.07.2025, 13:31

Ислам Чесноков Еуропаға трансфер алдында үйленбек

Қазақстандық футбол жұлдызы сүйіктісіне ұсыныс жасады
instagram/chesnokov46

Қазақстан құрамасы мен Қостанайдың «Тобыл» клубының 25 жастағы жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков өміріндегі маңызды қадамға барды. Ол сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады.

Бейресми деректерге сүйенсек, Исламның қалыңдығының есімі – Диана. Кей мәліметтерге қарағанда, Чесноков Диананы 2021 жылы өзі өнер көрсеткен Беларусьтің «Белшина» клубынан елге алып келген.

Айта кетейік, Ислам Чесноков қазіргі таңда Шотландияға көшіп, «Хартс» клубына ауысуға дайындалып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ол қараша айында жаңа құрамаға қосылады. 

Шотландиялық «Хартс» клубының бас бапкері Дерек Макиннес Ислам Чесноковты жаңа маусым басталғанға дейін команда сапында көргісі келетінін растады. Бірақ трансфердің дереу жүзеге аспауына «Тоболдың» маусым ортасында ойыншыны жіберуден бас тартуы себеп болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам