
16 жастағы ойыншы 18 жасқа толысымен «Челсиге» ауысуы тиіс
Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатқан «Қайрат» алғашқы ойынын словениялық «Олимпиаға» қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасты.
Люблянада өткен ойында бірінші тайм голсыз аяқталды. Алаң иелері өткір шабуылдағанымен соңғы нүктені қоятын шабуылшы табылмай жатты. Ал, соғылған бір голды төреші офсайд деп есепке алмады.
«Қайратта» да гол соғатын мүмкіндіктер болды. Дегенмен, португалдық легионер Жоржиньо оңтайлы екі сәтті пайдалана алмады.
Есесіне екінші таймда алматылықтар есеп ашты. 60 минутта дәл сол Жоржиньоның шығарған пасына бірінші жеткен Дастан Сәтпаев бос қақпаға гол соғып, командасын алға шығарған. Алайда, араға небәрі 6 минут салып «Олимпиа» сапынан Диогу Пинту көзге түсіп, таразы басын теңестірді. 1:1 есебі матч соңына дейін сақталды.
Енді қарымта матч Алматыда 15 шілдеде өтеді. Жеңген команда келесі айналымға шығады.