ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Бауыржан Исламханға «Қайсар» клубынан ұсыныс түсті

Бүгін, 09:45

Команда бүгінде құрамын отандық футболшылармен толықтырмақ

Бауыржан Исламханға «Қайсар» клубынан ұсыныс түсті
Instagram/talgat_8484

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханға Қызылорданың «Қайсар» клубынан ұсыныс түсті.

«Қайсар» клубының басшысы Талғат Әбдіғаппарұлы әлеуметтік желіде танымал қазақстандық футболшы Бауыржан Исламханмен кездескенін мәлімдеді. Кездесу барысында ол Исламханды қызылордалық ұжым сапында көргісі келетінін айтқан. Исламхан өз кезегінде міндетті түрде алаңға оралатынын, бірақ алдымен жарақатынан толық айығуды мақсат тұтып отырғанын жеткізген.

Айта кетейік, «Қайсар» - биылғы маусымда тек қазақстандық ойыншылармен өнер көрсету туралы шешім қабылдаған Премьер-лигадағы алғашқы клуб. Команда бүгінде құрамын отандық футболшылармен толықтыруда.

Ал Бауыржан Исламхан әзірге Түркістанның «Тұран» клубының ойыншысы. Алайда осы маусымда ол жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ. Оның нақты қашан толық қалпына келіп, «Қайсарға» қосылатыны әзірге белгісіз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам