ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Мен әлсіздерді ұрмаймын». Қуат Хамитов Асхат Тағыберген жайлы айтты

21.07.2025, 22:00

Желі қолданушылары Қуатқа Асхатпен жекпе-жекке шықса, шамасы жетпейтінін айтқан.

«Мен әлсіздерді ұрмаймын». Қуат Хамитов Асхат Тағыберген жайлы айтты
Әлеуметтік желі

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 17-турында «Тобыл» мен «Ақтөбе» кездескен. Осы матчтан кейін «Тобыл» ойыншысы Асхат Тағыберген «Ақтөбе» жанкүйерлерінің қысымына шыдамай эмоция білдірді.

Ашуға бой алдырған аяқдоп шебері жанкүйерді «Бірге-бір келші, келе алмайсың ғой» деді. Осы сәттің видеосы желіде тарап, оқырман арасында қызу талқыға түсті. Бұл видеоның астына пікір жазғандар арасында аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов та бар.

Ол алдымен «Базар жоқ» деп жазды. Сосын желі қолданушылары Қуатқа Асхатпен жекпе-жекке шықса, шамасы жетпейтінін айтқан.

«Мен әлсіздерді ұрмаймын, ренжітпеймін», - деді аралас жекпе-жек шебері.

Жалпы, Асхат бұған дейін де жанкүйерлермен сөзге келіп қалатын. Былтыр ол «Ордабасы» сапында ойнап жүргенде де өзін балағаттан жанкүйерді алаңнан тыс жерде сөйлесуге шақырған. Бұл жайт та қызу талқыға түсіп, кейін футболшы мәселенің мән-жайын түсіндіріп берген еді.

Естеріңізде болса, Тағыберген маусымда Солтүстік Македониямен өткен ойыннан соң ұлттық құрама сапынан кететінін мәлімдеді. Ол Қазақстан құрамасы сапында 63 матч өткізіп, 3 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам