ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Дастан Сәтпаев көмектесе алмады: «Қайрат» фин командасынан оңбай жеңілді

22.07.2025, 23:03

Қарымта матч 29 шілдеде Алматыда өтеді

Дастан Сәтпаев көмектесе алмады: «Қайрат» фин командасынан оңбай жеңілді
Қайрат ФК

Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Финляндияның КуПС командасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Алғашқы таймда «Қайрат» ойыншылары тың көрінген. Тіпті, допты өз иелігінде ұстап, бірнеше қауіпті шабуыл жасады. Дегенмен, бұл кезеңде клубтар есепті аша алмады.

Есесіне екінші таймда алаң қожайындары Заруцкий күзеткен қақпадан екі рет саңлау тауып, сенімді жеңіске қол жеткізді. Алдымен 49-минутта Мохамед Туре айып алаңы сызығынан дәл теуіп көзге түссе, 71-минутта Яакко Оксанен де алыстан гол соқты.

Айта кетейік, бірінші таймда «Қайраттың» беларус легионері Валерий Громыко есеп ашқан. Алайда, төреші бұл сәтте оффсайд болды деп шешті. Ал, «Челсидің» болашақ ойыншысы саналатын Дастан Сәтпаев мүлдем көзге түскен жоқ.

Қарымта матч 29 шілдеде Алматыда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам