Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Ақшаны неге босқа шашамыз?»: Танымал бапкер Қызылордадағы жаңа стадионды сынады

25.07.2025, 15:00

Ол аптап ыстық кезінде жасанды газонда ойнаудың қиындығын айтты

«Ақшаны неге босқа шашамыз?»: Танымал бапкер Қызылордадағы жаңа стадионды сынады
ҚФФ

Қазақстандық танымал жаттықтырушы Дмитрий Огай Қызылордада синтетикалық жабынмен салынып жатқан жаңа стадион мен жалпы еліміздегі жасанды газондарға қатысты сыни пікір білдірді. Бұл туралы BorodAbata.kz сайты мәлімдеді.

«Азияда жасанды алаңдарда ойын өткізуге тыйым салғалы жатыр. Белгілі бір турнирлерде тамызға дейін рұқсат беріледі, сосын толықтай тыйым салынады. Бұл – Азияда болып жатқан жағдай. Меніңше, УЕФА аясындағы барлық турнир тек табиғи алаңдарда өтуі керек. Ұлттық құрамалардың кездесулері немесе еурокубоктардың топтық кезеңі қалайша жасанды жабын төселген стадионда өтуі мүмкін екенін түсіне алмаймын.

Қазір Қызылордада жаңа стадион салынып жатыр. Қалада онсыз синтетикалық жабын төселген ескі стадион бар ғой. Енді жаңасына да жасанды газон төсеп жатыр. Оның не қажеті бар? Әсіресе Қызылорда сияқты ыстық аймақта. Жазда +40 градус. Осындай аптапта жасанды жабында ойнау қандай қиын екенін елестетіп көріңіз. Оны түсіну үшін +40-та алаңға шыққанда не сезінетінін футболшылардың өзінен сұрау керек. Ондайда ойнау мүмкін емес. Күйіп тұрады.
Жарайды, жаңа стадионда Қазақстан чемпионаты мен еурокубоктардың іріктеу матчтарын өткізсін, егер команда топтық кезеңге өтсе ше? Жасанды төсеніште қалай ойнайды? Бұл – барып тұрған абсурд. Жаңа стадион салатын болсақ, оны бірден УЕФА талаптарына сай етіп жасауымыз керек. Әйтпесе ақшаны босқа шашып не керек?

Қазір ұлттық құрама Астанадағы жасанды жабыны бар стадионда ойнап жүр. Меніңше, Қазақстанда табиғи газоны бар кем дегенде бір стадион болуы тиіс. Ал синтетика ойнау деген спортзалдағы футбол сияқты нәрсе», – деді Дмитрий Огай.

Айта кетейік, Қызылордадағы жаңа стадион тамызға дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Онда Қазақстан кубогының финалы мен түрлі жастағы ұлттық құрамалардың ойындары өтуі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам