
Кениялық легионерлер Қазақстанда тұрмайды, қазақстандық спортшылармен жаттықпайды
Қазақстанның қос қызы Азия чемпионатында алтын алды. Дейзи Джепкемей және Нора Джеруто. Бұл жеңістер өз басыма ешқандай эмоция сыйламады.
Нора әлем чемпионы атанғанда да еш әсер етпеген. Қазір халықтың көзі ашық. Бұндай жылтыр және жылдам жеңістерге алдана қоймайды. Бұрыннан айтып жүрмін. Жеңілсе де осындай жарыстарға қазақ балалары барсын. Көрсін. Үйренсін. Сосын білген-түйгенін елге әкелсін. Біздің балалардың басқа мемлекеті жоқ. Түбі осы жерде қалады және осы жерге еңбек етеді.
Әлгі кениялық қыздар, менің білуімше, біздің елде тұрмайды. Біздің спортшылармен жаттықпайды. Тілімізде сөйлемейді, әнұранымызды айтпайды дегендей. Әйтеуір, жүгіріп жүлде алады да, сол жарыстан өз үйлеріне тайып тұрады. Сыйақысы, жалақысы, басқа да төлемдері біздің бюджеттен шығып жатыр. Осының бәрін көргенде көкейге еріксіз бір сұрақ келеді. Осындай жеңіс бізге керек пе?!