Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Әлімханұлынан қашып жүрсің». Адамес өзіне айып таққан оқырманға жауап берді

25.07.2025, 16:10

Доминикандық боксшы жанкүйерлерін ойландырып қойды

«Әлімханұлынан қашып жүрсің». Адамес өзіне айып таққан оқырманға жауап берді
Getty images

Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес әлеуметтік желіде қолданушылардың бірінің оны IBF және WBO белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен қашып жүр деп айыптаған жазбасына жауап берді.

Адаместің жақында жариялаған жазбасының астына бір жанкүйер:

«Сен «Қазақ стилінен» қашып жүрсің», – деп пікір қалдырған.

Өз кезегінде доминикандық былғары қолғап шебері:

«Сен соған сенімдісің бе?», – деп қысқа ғана жауап қайтарды.

Айта кетейік, өткен аптада Сауд Арабиясының ойын-сауық істері басқармасының төрағасы Түрки әл аш-Шейх Карлос Адамеске Жәнібек Әлімханұлымен қараша айына жоспарланған біріктіруші жекпе-жек өткізуді ұсынғанын мәлімдеген. Алайда нақты жауап болмағандықтан, ол бұл ұсынысын кері қайтарып алғанын айтты.

Жәнібектің өзі Карлосқа келісімшарт ұсынылғанын, алайда ол қол қоюдан бас тартқанын алға тартты. Сол әрекетін бетіне басып:

«Қорқақ! Келісімшартқа қол қой немесе титулды маған бер! Сен маған қызық емессің! Сен ешкім емессің! Маған тек белбеу керек!» – деп жазған Әлімханұлы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам