Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

"Пахтакордың" 14 футболшысы қаза тапқан ұшаққа біз мінбек болғанбыз - Құралбек Ордабаев

20.01.2024, 11:00

Құралбек Ордабаев - қазақтың Лев Яшині. Тимур Сегізбаев, Сейілда Байшақов сияқты қазақ футболының аңызы. 

Кеңес уақытында алматылық "Қайрат" клубы ұлттық құраманың рөлін де атқарды. Сол команданың қақпасын Құралбек Ордабаев 11 жыл торуылдап, атақ пен даңққа, жанкүйерлердің махаббатына бөленді.

Қазір даңқты қақпашы "Қайрат" клубында қызмет атқарып жүр. Айтуынша, "Қайрат" командасындағы кейбір жас футболшылар Құралбек Ордабаевты танымайды екен. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманың матчтарын тамашалауға барғанда, айналасында даңқты қақпашыдан басқасының бәрі жүреді. 75 жасқа қараған ардагер реніші барын ашық айтты.

Айтпақшы, Құралбек Ордабаев 1979 жылдың тамызында болған ұшақ апатын еске алды. Әуеде соқтығысқан екі ұшақтың бірінде "Пахтакор" футбол клубының 17 мүшесі болған. Жалпы, апатқа ұшыраған екі ұшақта болған 178 адам қайтыс болды, соның ішінде 14 адам - "Пахтакор" футболшылары. Ардагер қақпашы сол бір трагедияны есіне алып, "Пахтакор" футболшылары мінген ұшаққа негізі "Қайрат" ойыншылары отыруы керек болғанын айтты. 

Кезінде Қазақстан футбол федерациясын басқарған Құралбек Ордабаев легионерлерге қойылған шектеуді алып тастау мәселесіне тоқталды. Айтуынша, бұл шешім ҚПЛ мен ұлттық құрамаға кері әсер етуі мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам