Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Түркияда Қазақстан мен Ресей футболшылары жаппай төбелесті (ВИДЕО)

20.01.2024, 16:39

Оқиға жолдастық кездесу барысында болған

Түркияда Қазақстан мен Ресей футболшылары жаппай төбелесті (ВИДЕО)
sports.kz

Түркияның Белек қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында Қостанайдың «Тобылы» «Челябинск» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, ойын барысында алаңдағы футболшылар жаппай төбелес ұйымдастырды.

Матчтың екінші таймында «Тобылда» ойнайтын Қазақстан құрамасының мүшесі Ислам Чесноков қарсылас команданың ойыншысымен ерегісіп қалған. Төреші екеуіне де қызыл қағаз көрсеткеннен кейін екеуі алаң сыртында төбелесті. Басқа футболшылар оларды ажыратудың орнына жабыла кеткен. Төрешілер мен бапкерлер ашулы топты тез сабасына түсіріп, матч соңына дейін ойналды. Нәтижесінде ресейлік клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Тобыл» сапынан жалғыз голды Ахмед әл-Мессауди соқты.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам