Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Ұлы тұлға»: Бахтиер Зайнутдинов Станислав Черчесовке жоғары баға берді

01.08.2025, 15:23

2024–2025 жылдар аралығында Черчесов ұлттық құраманың бас бапкері болды

«Ұлы тұлға»: Бахтиер Зайнутдинов Станислав Черчесовке жоғары баға берді
Коллаж 1bol.kz

Қазақстан құрамасы мен мәскеулік «Динамо» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов туралы пікір бтуралы пікір блдірді. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

Футболшы ресейлік маманның кәсіби біліктілігін және темірдей тәртібін ерекше атап өтті.

«Станислав Саламович – өте тәжірибелі, кәсіби деңгейі жоғары бапкер. Оның басты ерекшелігі – тәртіпті қатаң ұстанатыны. Мұндай талапшылдық маған ұнайды. Ол – нағыз ер азамат, сөзі мен ісі қабысып жатқан адам. Ресей құрамасымен жеткен жетістіктері де аз емес. Сол себепті оны ұлы тұлға деп санаймын. Онымен жұмыс істегеніме қуаныштымын. Әрине, бірге өткізген уақытымыз қысқа болды, бірақ сол аз ғана кезеңнің өзінен көп дүние үйрендім», – деді Зайнутдинов.

Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын 2024 жылғы маусымнан 2025 жылдың қаңтарына дейін жаттықтырды.

 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам