
Черчесов қазіргі команда жаттықтырушысы Әли Әлиевтің сөзіне қатысты пікір білдірді
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов қазіргі команда жаттықтырушысы Әли Әлиевтің «Азияда ойнау жеңілдеу» деген сөздеріне қатысты пікір білдірді.
«Мен баспасөз мәслихатында болған жоқпын, сондықтан сұрақтың қалай қойылғанынан бейхабармын. Еуропадағы іріктеу кезеңі кез келген жағдайда қиын екені сөзсіз. Бірақ еш жерде, ешқашан оңай болмайтынын да ұмытпау керек. Азияда мүмкіндік көптеу шығар, бірақ бұл әлем чемпионатына жолдама аласың деген сөз емес. Жалпы алғанда, Еуропа футболында Қазақстаннан деңгейі төмен командалар мен федерациялар да бар. Алайда егер сіз жеребеде төртінші немесе бесінші себетке түссеңіз, онда сіздің тобыңызда екі-үш мықты команда болатыны анық. Біз Ұлттар лигасында Норвегия, Австрия және Словениямен ойнадық. Ал Словения мен Австрия қарсыластарына Еуропа чемпионатында оңай соқпағаны сөзсіз», - деді Черчесов Championat.Asia-ға берген сұхбатында.