Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Дженнифер Лопестен кейін Қазақстанға Пикенің экс-жұбайы Шакира келмек

04.08.2025, 15:36

Мәдениет министрі Аида Балаева Лара Фабиан мен Шакираның концертіне барғысы келетінін айтқан

Дженнифер Лопестен кейін Қазақстанға Пикенің экс-жұбайы Шакира келмек
cnnespanol.cnn.com

Қазақстанда биыл тағы бір шетелдік жұлдыздың концерті өтуі мүмкін. Астанадағы Дженнифер Лопестің концертінен кейін шабыттанған ұйымдастырушылар 48 жастағы колумбиялық әнші Шакираны шақырып жатыр.

Отандық блогер Камиль Байрамовтың Instagram желісіндегі парақшасында Дженнифер Лопестің Астанадағы концертін ұйымдастырған қазақстандық продюсер Малик Хасеновпен сұқбат жарияланды.

Әңгімелесу барысында Байрамов желі қолданушыларының өтінішін – тағы бір әлемдік супержұлдыз Шакираның елге концерттік сапары болса деген тілегін жеткізді.

«Мен сіздерге құпияның шетін ашайын. Біз онымен келіссөз жүргізіп жатырмыз, құдай қаласа, күзде аяқтаймыз», - деді Хасенов.

Еске салсақ, биыл сәуірде Мәдениет министрі Аида Балаева Лара Фабиан мен Шакираның концертіне барғысы келетінін айтқан болатын.


Айта кетейік, әнші Шакира мен «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Жерар Пике бір кездері әлемдегі ең жарасымды жұптардың бірі болған еді. Алайда 2022 жылы олар жанжалмен ажырасып кетті. Олардың екі ұлы бар - Милан мен Саша.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам