Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жеңіске жетсе «Селтикпен» ойнайды

04.08.2025, 16:33

Оған дейін «Қайрат» Братиславаның «Слован» клубынан өтуі тиіс.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жеңіске жетсе «Селтикпен» ойнайды
instagram/@f.c.kairat

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі плей-офф бәсекесінің жеребесі тартылды. Алматының «Қайрат» клубы бұл кезеңге өтсе, Шотландияның «Селтик» командасымен жолығады.

Плей-офф матчтары 19/20 және 26/27 тамыз күндері өтеді. Алғашқы кездесу Қазақстанда немесе Шотландияда болатыны кейін анықталады.

Оған дейін «Қайрат» Братиславаның «Слован» клубынан өтуі тиіс. Алғашқы ойын 6 тамыз күні Алматыда өтеді. Қарымта матч бір аптадан кейін Словакияда болады. 

Ал егер өте алмаса, Еуропа лигасының плей-офф бәсекесінде Швейцарияның «Янг Бойз» (Швейцария) клубымен ойнайды.

Айта кетейік, алматылық футболшылар бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0) қапы қалдырды. 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам