Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Владимир Вайс Бауыржан Исламхан мен Дастан Сәтпаевты салыстырды

05.08.2025, 23:41

Исламхан жақсы адам, тамаша ойыншы.

Владимир Вайс Бауыржан Исламхан мен Дастан Сәтпаевты салыстырды
Фото Reuters

Словакияның «Слован» (Братислава) футбол клубының бас бапкері Владимир Вайсс Алматының «Қайрат» командасымен өтетін Чемпиондар лигасы матчы қарсаңында «Қайраттың» жас таланты Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді.

Атап айтқанда, словак маманы Сәтпаев пен бұрынғы капитан Бауыржан Исламханды салыстырып өтті. Вайсс Исламхан жаттықтырған кезін еске алды.

«Исламхан мен Сәтпаев талант жағынан салыстырар болсақ, Бато (Исламханның лақап аты)  анағұрлым техникасы жетілген футболшы. Ал Сәтпаевтың артықшылығы жылдам әрі соққысы мығым. Мен Бауыржанды жақсы көремін, оның дисквалификация алғаны өкінішті. Естуімше, ол қазір «Астанаға» ауысқан. Исламхан жақсы адам, тамаша ойыншы. Оған сәттілік тілеймін.Ал Сәтпаевқа келсек, 16 жаста ғана болса да, «Челси» сатып алып жатыр.  Бұл таңғаларлық жағдай! Оның әлемдік жұлдызға айналуына барлық мүмкіндігі бар», - деді Владимир Вайсс.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Слован» арасындағы матч 6 тамыз күні сағат 20:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 2
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам