30 жастағы тәжірибелі қорғаушы «Семей» клубында өнер көрсетеді
Арнольд Кнауб жаңа маусымда «Семей» клубының сапында өнер көрсететін болды.
30 жастағы тәжірибелі қорғаушы «Семей» клубымен ресми келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін ол алматылық «Қайрат» сапында ұзақ жылдар ойнап, ел біріншілігінде бірнеше мәрте чемпион атанды.
Айта кетейік, Кнауб «Қайрат» құрамында Қазақстан чемпионатының финалында дәл осы «Семейге» қарсы шешуші ойында жеңіске жетіп, алтын медаль иеленген болатын.
Сонымен қатар Арнольд Кнауб UEFA футзал Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, вице-чемпион атанған «Қайраттың» негізгі ойыншыларының бірі болды.
2024 жылы өткен футзалдан әлем чемпионатында ол Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені атанып, бес голдың авторы болды.
Кнауб бұған дейін «Тұлпар», «Жетісу», «Ақтөбе» және «Каспий» сапында да өнер көрсеткен.