
Дастан Сәтпаев мүлт кеткен жоқ.
Алматының «Қайрат» клубы UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде алғашқы ойынын жеңіспен бастады.
Алатау баурайына Словакияның 15 дүркін чемпионы «Слован» командасы қонаққа келді.
Бұл кездесуде Нидерланд елінің өкілі Сердара Гэзюбююк бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарды.
Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ.
Екінші таймда бас төрешілердің қонақтардың футболшысы Рахим Ибрахимды алаңнан қуды. Ал 89-минутта қарсылас қақпасына пенальти белгіледі. Нүктеге келген Дастан Сәтпаев мүлт кеткен жоқ.
Одан кейін төреші қосқан қосымша минутта алаң иелері тағы бір гол соққан. Бірақ рефери «Қайрат» футболшысы ойыннан тыс қалды деп есептеген жоқ. Қорытынды есеп - 1:0.
Қарымта ойын 12 тамызда Словакия астанасы Братислава қаласында болады.
«Қайрат» – «Слован» (Братислава, Словакия) – 1:0
Гол: Дастан Сәтпаев, 90-пенальтиден (1:0).