Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

10.08.2025, 17:31

«Жетісу» клубының бас бапкері үш футболшының есімін атады

Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады
ФК "Жетісу"

«Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан Премьер-лигасы тарихындағы ең үздік футболшылар туралы айтты. Бұл туралы QSport жазды.

Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең мықты ойыншылар туралы сұраққа Смақов былай деп жауап берді:

«Тимур Сегізбаев, Құралбек Ордабаев, Сейілда Байшақов», — деп жауап берді Смақов.

Тимур Сегізбаев мансабын «Қайрат» сапында өткізген. Жартылай қорғаушы ретінде ол 1958-1970 жылдары алматылық клуб үшін 212 матчқа шығып, 19 гол соқты.

Құралбек Ордабаев он жыл бойы (1972-1982) «Қайраттың» қақпасын қорғап, 254 кездесу өткізді. Сондай-ақ, ол Шымкенттің «Металлург» және «Мелиоратор» командаларында да өнер көрсетті.

Сейілда Байшақов та «Қайратта» он жыл (1971-1981) ойнап, 296 матчта 11 голдың авторы атанды. Бұған қоса, ол Жамбылдың «Энергетик» клубында да доп тепті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам