Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Беларус маманы кетіп, болгариялық келді: «Ақтөбенің» бас бапкері кім?

13.08.2025, 17:59

Николай Костов – «Ақтөбе» клубының жаңа бас бапкері

Беларус маманы кетіп, болгариялық келді: «Ақтөбенің» бас бапкері кім?
ФК «Ақтөбе»

«Ақтөбе» футбол клубының тізгінін болгариялық маман Николай Костов ұстады. 63 жастағы тәжірибелі бапкердің еңбек жолы Кипр, Украина, Қазақстан және Болгария чемпионаттарында өткен.

Костов 2002 жылы Кипрдің «Анортосис» клубымен ел кубогын жеңіп алған. Қазақстан жанкүйерлеріне ол «Шахтер» (Қарағанды) және «Каспий» командаларын жаттықтыруымен жақсы таныс.

Соңғы қызметі – Болгарияның «Левски» клубы. 2023–2024 жылғы маусымда бапкер бұл командамен 35 матч өткізіп, оның 19-ында жеңіске жетіп, 7 ойында тең түскен және 9 кездесуде қарсыласына есе жіберген.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» ФК 54 жастағы белорус маманы Вячеслав Левчукті бас бапкерлік қызметінен босату туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл қадам клубтың соңғы нәтижелері мен ішкі ахуалын ескере отырып жасалды. 

Левчук клубтың бас бапкері болып 2025 жылы көктемде Игорь Леоновтың қызметінен кеткеннен кейін тағайындалған болатын. Алайда, бас бапкердің жетекшілігімен «Ақтөбе» еурокубоктарда сәтсіз өнер көрсетіп, «Легия» мен «Спартаға» жол берді. Сонымен қатар, команда Қазақстан Кубогының 1/8 финалында шығып, қазір ҚПЛ-дің жетекші үштігінен бес ұпайға қалып отыр.

Ең соңғы ойындарда «Ақтөбе» Абай облысының «Елімай» командасына 2:1 есебімен ұтылып қалды.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам