Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Жаттығуға кірістім, құрамаға оралуға дайынмын – Қамшыбек Қоңқабаев

16.08.2025, 11:44

Жастардың жолын жауып, жек көрінішті болғысы келмейді

Жаттығуға кірістім, құрамаға оралуға дайынмын – Қамшыбек Қоңқабаев
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Белгілі қазақстандық боксшы,Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев құрамаға оралуы мүмкін. Бұл туралы ол Аслан Қаженовке берген сұхбатында айтқан.

«Қызылорда қаласынан Қамшыбек Қоңқабаевты кездестірдім. Жергілікті боксшы бір айдан аса уақыт жаттығу жасап жатқанын жеткізді. Алайда, кәсіпқой мансабын қалай жалғастыратынын кесіп айтпады. Кәсіпқой бокстан ұсыныстар бар екен. Қарастырып жатыр. Ал егер ұлттық құрамаға керек болып жатсам, оған да оралуға дайынмын дейді. «Керек болып жатсам» дегенге ерекше акцент жасады. Өйткені қазір жастар келіп, буын алмасып жатқан уақыт. Солардың жолын жауып, жек көрінішті болғысы келмейді. Тағы бір түсінгенім, Қамшыбек 90 келіде де, 90 келіден жоғары салмақта да өнер көрсете алады. Ешқандай проблема жоқ екенін айтты», - дейді Аслан Қаженов.

Жыл басында Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов Қамшыбек Қоңқабаевтың спорттағы мансабы аяқталғанын айтқан еді. 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан боксшы мансап жолында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін ӘЧ күміс жүлдегері (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс (2017, 2019, 2021) жүлдегері атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам