ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Украинада футболшы орыс тілін қолданғаны үшін сары қағаз алды

Бас төреші: Мұнда Ресей тілінде сөйлемейміз!

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Одессалық «Систерс» клубының ойыншысы Ирина Майбородина матч барысында орыс тілін қолданғаны үшін ескерту алды. Оқиға Украина чемпионатының 3-турындағы «Колосқа» қарсы ойында тіркелді.

42-минутта бас төреші Анастасия Романюк футболшыға агрессивті түрде орысша айқайлағаны үшін сары қағаз көрсетті.

«Бұл – Украина чемпионаты. Мұнда Ресей тілінде сөйлемейміз! Сары карточка наразылық үшін берілді. Ойыншыдан украин тілінде сөйлеуді өтіндім», – деді төреші өз шешімін түсіндіріп.

Жанкүйерлер де төрешіні қолдап, ду қол шапалақтады. Үш турдың қорытындысы бойынша «Систерс» барлық ойында жеңіске жетіп, көшбасшылар қатарында тұр. 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам