Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Мұндайға жол беруге болмайды»: Ұлан Қонысбаев «Қайраттың» бапкерін сынап тастады

22.08.2025, 11:18

Ол бас бапкердің дұрыс шешім қабылдамағанын айтты

«Мұндайға жол беруге болмайды»: Ұлан Қонысбаев «Қайраттың» бапкерін сынап тастады
Әлеуметтік желі

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы ойында «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің шешімін сынға алды.

«Уразбахтин мырзаны құрметтеймін әрі кәсібилігін жоғары бағалаймын, бірақ ол кісі, Дастан Сәтпаевтың ескертуі барын біле тұра, ойынның соңғы минуттарында командадағы үздік футболшылардың бірін ауыстырмады. Енді ол тарихи маңызы бар қарымта матчта ұжымға көмектесе алмайды. Мұндайға жол беруге болмайды!» – деп жазды Қонысбаев Instagram желісіндегі сторисінде.

Айта кетейік, алғашқы кездесу Глазгода өтіп, «Селтик» пен «Қайрат» 0:0 есебімен тең түсті.

Ойынның соңғы секундтарында Дастан Сәтпаев сары қағаз алып қалды, бұл оның Чемпиондар лигасындағы үшінші ескертуі болды. Осыған байланысты ол келесі ойынға қатыса алмайды.

Қазақстан мен Шотландия чемпиондарының қарымта  кездесуі 26 тамыз күні Алматыда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам