Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Қайрат» Чемпиондар лигасында сенсация жасап, жалпы кезеңге жолдама алды

Бүгін, 00:36

Қақпашы Темірлан Анарбеков үш бірдей соққыны қайтарды

«Қайрат» Чемпиондар лигасында сенсация жасап, жалпы кезеңге жолдама алды
"Қайрат" клубының баспасөз қызметі

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде Алматының «Қайрат» жеңіске жетіп, топтық кезеңге жолдама алды.

Алатау баурайына Шотландияның «Селтик» клубы келген. Екі матчта да есеп ашылған жоқ. Бүгінгі қарымта матч пенальти сериясына дейін жалғасты. Футбол лотериясында қақпашы Темірлан Анарбеков үш бірдей соққыны қайтарып, командасын жалпы кезеңге алып шықты.

Осылайша, Рафаэль Уразбахтин шәкірттері тарих жасап, Чемпиондар лигасының үздік клубтарымен бірге ойнайтын болды. Бұған дейін Қазақстаннан 10 жыл бұрын «Астана» топтық кезеңге жолдам аалған.

Айта кетейік, бұған дейін алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.

«Селтик» еурододадағы алғашқы ойынын плей-офф кезеңінен бастады.

Бүгінгі матчта «Қайраттың» бірнеше көшбасшы ойыншылары қатыса алмады

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам