«Ақтөбе» қатары камерундық ойыншымен толықты

24.01.2024, 17:47

Ол Беларусь және Молдова елдерінің чемпионы болған

«Ақтөбе» қатары камерундық ойыншымен толықты
instagram.com/fcaktobe_official/

«Ақтөбе» футбол клубы камерундық 28 жастағы қорғаушы Габи Кикимен келісімшартқа қол қойды.

Габи спорттағы алғашқы мансабын Камерунның «Бомс» клубында бастаған. Араға уақыт салып «Эдинг Спорт» клубына ауысты. Кейін Беларусьтің «Днепр» (Могилев), «Динамо-Брест» және «Рух» (Брест) клубтарында ойнап, Беларусь біріншілігінің чемпионы атанған. Сондай-ақ, сол елдің суперкубогына екі рет ие болды.

2022-2023 жылдарда Молдованың «Шериф» командасы сапында екі дүркін чемпиондық атақты иеленіп, сонымен қатар, екі дүркін кубок иегері болды.

Габи Кики – «Шериф» клубымен бірге УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде екі мәрте бақ сынаған ойыншы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Марат Достаевпен Подкаст. Неге ҚФФ Медиалигаға тыйым салмайды?