Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Барселона» тағы кубоксіз қалды, Хави кетуге шешім қабылдады

25.01.2024, 09:46

Команданың Ла Лигадағы жағдайы да мәз емес

«Барселона» тағы кубоксіз қалды, Хави кетуге шешім қабылдады
Getty Images

«Барселона» Испания кубогі жолындағы жарыстың ширек финалынан аса алмады. Бильбаоның «Атлетик» командасымен болған ойынның негізгі бөлігі тең аяқталып, овертаймда каталондықтар өз қақпасына жауапсыз екі гол жіберіп алды (2:4).

Осы жеңілістен кейін «Барселонаның» бас бапкері Хави отставкаға кету мәселесін қарастырып жатқанын айтты. Оның пікірін танымал журналист Фабрицо Романо жазды.

«Егер маусым соңына дейін біз бәсекелестікті арттырмасақ, маған кетуге тура келеді. Мен топ-клубта жұмыс істеп жүргенімді білем. «Барселонада» титул жеңіп алуың керек, болмаса бапкер болып жұмыс істеудің қажеті жоқ. Қазіргі команда өте талантты, болашағы мықты жастардан құралған, яғни команданың да болашағы бар», - деді Хави.

Айта кетейік, Хави «Барселонаны» 2021 жылдың қарашасынан бері жаттықтырып келеді. Келісімшарт мерзімі 2025 жылдың 30 маусымына дейін. Өткен жылғы футол маусымында Хави клубпен бірге Ла Лиганы және Испания Суперкубогін жеңіп алды.

Ал, қазір Испания чемпионатында каталондық команда үшінші сатыда келеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам