Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Кешірім сұраймыз»: Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы матч жайлы пікір білдірді

08.09.2025, 11:02

Сәтпаев матчтың екінші жартысында болған қауіпті эпизодқа да тоқталды

«Кешірім сұраймыз»: Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы матч жайлы пікір білдірді
әлеуметтік желі

Қазақстан – Бельгия арасындағы ойынан кейін ұлттық құраманың шабуылшысы Дастан Сәтпаев Kazinform тілшісіне матчқа қатысты ойын айтты.

«Ең алдымен, бізді қолдауға келген барлық қазақстандық жанкүйерлерге алғыс білдіремін. Бүгінгі кездесу өте қиын болды. Әрине, нәтиже үшін кешірім сұраймыз. Дегенмен, біз бұл ойынды саралап, қателіктерді түзетуге тырысамыз. Алдағы уақытта Бельгия сияқты мықты құрамалармен тең дәрежеде ойнауға талпынамыз», – деді ол.

Сәтпаев матчтың екінші жартысында болған қауіпті эпизодқа да тоқталды. 79-минутта қазақстандық команда жылдам қарсы шабуыл жасап, айып алаңына дейін жетті. Дастан Сәтпаев орталықтан сол қапталға ойысып, қақпаға қарай ұмтылды да, шамамен 20 метр қашықтықтан төменнен қатты соққы жасады. Бельгия қақпашысы Тибо Куртуа допты сенімсіз қайтарғанымен, қазақстандықтардың арасынан оған бірінші жеткен ойыншы табылмады.

«Ол сәтте Ислам Чесноковқа пас беруге де мүмкіндік болды, бірақ соққы жасауды жөн көрдім. Өз басым, дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын», – деді Дастан Сәтпаев.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі бесінші ойынында қақпасына алты гол жіберді.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 5
Күлкілі 3
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам