Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Әли Әлиевтің орнына кім бапкер болады? Марат Омаров жауап берді

08.09.2025, 11:40

Ол отандық футболдың жолын бөгеп тұрған ең үлкен кедергіні атады

Әли Әлиевтің орнына кім бапкер болады? Марат Омаров жауап берді
әлеуметтік желі

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Бельгиядан ойсырай жеңілді. Бұл жеңіліс ұлттық футболдың қазіргі жағдайы мен даму бағытына байланысты өткір сұрақтарды күн тәртібіне шығарды.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ойыннан кейінгі пікірінде ең басты түйткілге тоқталды. Оның сөзінше, отандық футболдың жолын бөгеп тұрған ең үлкен кедергі – инфрақұрылымның әлсіздігі.

«Қазір бізге ең ауыр тосқауыл – инфрақұрылым. Жүйелі жұмыс жалғасады. Ең әуелі менің міндетім – балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту», – деді ол.

Бас бапкер Әли Әлиев матчтан соң отставкаға кетуге дайын екенін айтқан еді. Бірақ Омаров бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім елге оралғаннан кейін қабылданатынын жеткізді.

«Кім бас бапкер болады – оны кейін шешеміз. Қай елдің маманы екені маңызды емес, бізге ең әуелі кәсібилік қажет», – деді федерация президенті.

Федерация президенті Марат Омаровтың айтуынша, бас бапкер Әли Әлиев ұлттық құраманы жасарту ісінде белгілі бір нәтижеге қол жеткізген. Қазір командадағы ойыншылардың орташа жасы 25–26 жас шамасында, бұл болашаққа бағытталған қадам ретінде бағалануда. Алайда, нәтиже тұрғысынан алғанда, көрсеткіштер әлі де талапқа сай емес.

«Құрам жасарды, бірақ нәтижеге келгенде бәрібір көңіл толмайды. Сондықтан елге оралған соң кадрлық мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданады», – деді федерация басшысы.

Омаровтың сөзінше, жаңа бас бапкердің кім болатыны әзірге белгісіз. Бұл ретте оның отандық маман не шетелдік жаттықтырушы болуы басты емес, ең әуелі кәсібилігіне назар аударылмақ. Сонымен қатар, Алиевтің отставкаға кету туралы өтініші де бірден қабылданбауы ықтимал. Яғни, федерация алдымен жағдайды жан-жақты саралап, содан кейін ғана түбегейлі шешім қабылдауды көздеп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 5
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам