Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Сағындық Тоғамбай жүлде үшін өзбек мықтысы Турабек Хабибуллаевпен жұдырықтасады

08.09.2025, 19:24

Екеуі ширек финалда жолығып, медальға таласты жалғастырады.

Сағындық Тоғамбай жүлде үшін өзбек мықтысы Турабек Хабибуллаевпен жұдырықтасады
ҰОК

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 8 қыркүйекте қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай (90 келі) ширек финалға жолдама алды.

Отандасымыз 1/8 финалда ирландиялық Джек Майкл Марлимен кездесіп, алғашқы екі раундта белсенді қимыл танытып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Сағындық Тоғамбай 2001 жылы 15 ақпанда Астана қаласында дүниеге келген. Ол 2024 жылы Азия чемпионы атанып, 2022 жылғы Жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған.

Бұған дейін бүгін ел құрамасынан Төрехан Сабырхан (70 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) жарысты жалғастыру мүмкіндігін иеленген еді.

Кешкі сессияда шаршы алаңға тағы бірнеше қазақстандықтар шығады: Бейбарыс Жексен (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) және Аида Әбікеева (65 келі).

Келесі қарсыласы – Турабек Хабибуллаев болмақ.  Өзбекстандық  боксшы (90 келіге дейін) 1/8 финалда грек Вагкан Наницанянды 5:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Тоғамбай мен Хабибуллаев ширек финалда жолығып, медальға таласты жалғастырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам