ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Жамбыл облысында футболдан кейінгі төбелес адам өлімімен аяқталды

13.09.2025, 19:30

Оқиға 12 қыркүйекте Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында болған

Жамбыл облысында футболдан кейінгі төбелес адам өлімімен аяқталды
thepfsa.co.uk

Жамбыл облысында полицейлер мектеп оқушысының өліміне әкелген қылмысқа күдікті жасөспірімдерді ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті.

Оқиға 12 қыркүйекте Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында болған. Футбол матчы аяқталғаннан кейін 10-сынып пен 11-сынып оқушылары арасында жанжал туындаған. Ойын барысында кіші сыныптың оқушылары жеңіске жеткен. Нәтижеге ренжіген 11-сынып оқушысы қарсыласын соққыға жығып, ауыр жарақат салған.

Оқиға орнына келген дәрігерлер 10-сынып оқушысының алған жарақатынан қаза тапқанын растады.

Жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сонымен бірге бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен арнайы комиссия құрылды.

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 16 және 17 жастағы екі күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді», – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам