
Нидерландтық мамандар басқаратын болады деп атап өтті.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Наманган облысына сапары барысында «Навбахор» футбол академиясына қатысты пікір білдірді.
Мемлекет басшысы жақын арада намангандық клубтың академиясын нидерландтық мамандар басқаратын болады деп атап өтті.
Наманганға әйгілі «Аякс» клубынан 11 маман келеді. Олардың қатарында скауттар, әдіскерлер мен бапкерлер болады.
Айта кетейік, «Аякстың» академиясы әлемдегі ең мықты орталықтардың бірі саналады. Соңғы жылдары бұл академиядан Маттейс де Лигт, Хаким Зиеш, Донни ван де Бек, Френки де Йонг секілді танымал футболшылар шықты. Кейбірі ұзақ уақытқа үлкен карьера жасай алмағанымен, бәрі Еуропаның бірнеше топ-клубтарында өнер көрсетіп үлгерді.
Сондай-ақ, «Аякс» - Нидерландтың 36 дүркін чемпионы, төрт мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы (1971, 1972, 1973, 1995) және үш мәрте УЕФА Суперкубогының иегері (1972, 1973, 1995).