ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Сербиялық футбол аңызы матч кезінде жүрек талмасынан көз жұмды

Бүгін, 09:53

41 жастағы футболшы ардагерлер құрамасының сапында алаңға шыққан

Сербиялық футбол аңызы матч кезінде жүрек талмасынан көз жұмды
championat.com

Сербия құрамасының бұрынғы ойыншысы, 41 жастағы Деян Милованович ардагерлер матчында жүрек талмасынан қаза тапты.

Қайғылы оқиға гол соққаннан бірнеше минут өткен соң болған. Милованович кенеттен есінен танып, жерге құлады. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, футболшыны аман алып қала алмады. Дәрігерлер оның инфаркт алғанын мәлімдеді.

Матчта Милованович «Црвена Звезда» ардагерлер құрамасының сапында алаңға шыққан болатын.

Ойыншының қазасына байланысты клуб ресми әлеуметтік желі парақшасында көңіл айтты:

«Футболшының жүрегі алаң үстінде тоқтады. Бұл сәт жанкүйерлердің жадында мәңгі қалады. Ол қызыл-ақ жейдемен барлығы 321 матч өткізіп, 40 гол соқты. Үш мәрте Сербия чемпионы атанып, төрт ұлттық кубокты иеленді. Деки, әрбір соққың, әрбір голың, әрбір титулың үшін рақмет!» – делінген «Црвена Звезда» клубының хабарламасында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×