ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Астана» клубының басшылығына танымал КВН жұлдызы тағайындалды

18.09.2025, 13:57

«Казахи» КВН командасындағы өнерімен кеңінен танылған

«Астана» клубының басшылығына танымал КВН жұлдызы тағайындалды
Фото malik_khassenov в Instagram

Елорданың «Астана» футбол клубының директорлар кеңесінде өзгерістер болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлайды

Ибрагим Ақдрашевтің орнына директорлар кеңесінің мүшесі болып Малик Хасенов тағайындалды.

«Малик Темірғалиұлы бұқаралық іс-шаралар мен концерттерді ұйымдастыру саласында үлкен тәжірибеге ие. Ол 2019 жылы Астанада өткенхоккейден әлем чемпионатын өткізу штабына жетекшілік еткен, сондай-ақ 2018–2020 жылдары Астана қаласының футбол федерациясының президенті қызметін атқарған. Еңбегі үшін мемлекеттік „Ерен еңбегі үшін“ наградасымен марапатталған», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Малик Хасенов көпшілікке ең алдымен «Казахи» КВН командасындағы өнерімен кеңінен танылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×