
Қарсыласпен 19 рет допқа таласып, 15 рет ұтылып қалды
Ресейлік «euro-football.ru» порталы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда алматылық «Кайраттың» лиссабондық «Спортингтен» 1:4 есебімен жеңілуінің негізгі себепкерлерін атады.
«Әрине, «Кайраттың» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуы – қуанышты жаңалық. Бірақ тәбетті тамақ ашады емес пе? «Спортинг» Лиссабондағы ойында нағыз той жасады. «Арыстандар» екі бас емес, тіпті үш бас жоғары болды. Қақпа бағаны бірнеше рет көмектеспесе, қақпашының сейві мен соғылмағанда пенальти болмағанда, есеп екі таңбалы болуы әбден мүмкін еді», - деп жазады басылым.
Сайт редакциясы бапкер Рафаэль Уразбахтин шәкірттеріне 10 балдық жүйе бойынша субъективті бағасын беріп, ең әлсіз үш ойыншыны атап өтті.
Егор Сорокин – 3,0.
Ресей жанкүйерлеріне жақсы таныс есім. «Рубиннен» кейін «Кайратқа» ауысып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне дейін жетті. Алайда дәл осы ойында көңіл қуантпады. Сорокин Луис Суарес пен Тринканға жиі «мүмкіндік беріп», бес қауіпті соққыға жол ашып қойды. Үш рет қарсылас дриблингпен алдап өтті. Қысқасы, сенімді қорғаныс байқалмады.
Валерий Громыко – 3,0.
Алаңның әр бұрышында тер төкті, көп жүгірді, әрдайым допқа жақын жүрді. Бірақ сонымен шектелді. Қарсыласпен 19 рет допқа таласып, 15 рет ұтылып қалды. Алты рет дриблингтен өтті, үш рет ереже бұзды. Жиі қателесіп, допты жоғалтумен болды.
Александр Мрынский – 3,0.
Шабуыл шебінен де сынға іліккен ойыншы. «Кайрат» бразилиялықтар алаңға шыққанға дейін тек Сәтпаевтың алыс соққыларына сенді. Мрынскийдің қапталы толық «ұйықтап» жатты. Қауіптілік те, прессинг те болған жоқ. Қорғанысқа көмектеспек болған сәтінде жағдайды ушықтырып алды: айып алаңы жанында доптан айырылып, Луис Суареске қарсы өрескел ойын жасап, пенальтиге себепкер болды.